ӨЗБЕКӘЛІ қойылымы Алматыда — афиша Алматы, Уйгурский Театр Музыкальной Комедии
KZ от 5000 ₸ Архив
Место:Уйгурский Театр Музыкальной Комедии
Последняя дата:пн, 09 мар., 15:00
Событие уже прошло
Мы показываем архивные даты и ссылки. Актуальные события смотри в афише Алматы.

ӨЗБЕКӘЛІ қойылымы Алматыда

ӨЗБЕКӘЛІ ұлттық сананы серпілтетін сахналық туынды. Өзбекәлі Жәнібектің 95-жылдық мерейтойы қарсаңында арнайы Қазақстан бойынша гастрольдік сапар. Өткен жылы көрерменнің жүрегіне жол тапқан бұл қойылым биыл жаңа тыныспен, жаңа серпінмен сахнаға оралады. Көрерменнің ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленген спектакль, үлкен жүрекпен өз көрермендерін асыға күтуде. Өзбекәлі Жәнібеков қазақтың мәдениеті мен өнерін қайта тірілткен, жоғала жаздаған ұлттық құндылықтарды жаңғыртқан қайсар қайраткердің көркем бейнесі. Сахнадағы әр көрініс өткен дәуірдің тынысын көрерменге жеткізеді. Бұл қасірет тек бір тұлғаның емес, бүкіл қоғамның өмірін суреттейді. Қойылымнан адам өз бойынан үнсіз жауап іздейді: ұлтқа қызмет ету деген не, рухты сақтау деген не? «Өзбекәлі»- ойландыратын қойылым. Толғандыратын тағдыр. Жүректі селт еткізер сахналық шындық. Спектакльді көрген әрбір көрермен бір ой, бір жауапкершілік, бір үміт арқалары сөзсіз. Ұлт тарихындағы тағдырлы тұлғаның өмір жолын сахна тілінде көруге барша көрерменді шақырамыз! Басты рөлдерде: Диас Жағыпаров Лашын Жұмақан Ардақ Адал Нұрбол Даңғыл

Расписание (архив)

Прошедшие даты и источники