Үйлену — афиша Алматы, Гастрольная сцена театра им. М. Лермонтова
KZ С детьми от 1000 ₸ Архив
Место:Гастрольная сцена театра им. М. Лермонтова
Последняя дата:вт, 10 февр., 14:00
Событие уже прошло
Мы показываем архивные даты и ссылки. Актуальные события смотри в афише Алматы.

Үйлену

Дворянға күйеуге шығуды армандаған көпес қызы Агафья Тихоновна. Қыз көруге келген күйеулер Подколесин, Яичница, Анучкин, Жевакин және Стариков. Сарай кеңесшісі, қызметкер Подколесиннің досы Кочкарев. Жеңгетай Фекла Ивановна. Қалыңдықпен танысу кезінде кейіпкерлер небір күлдіргі жағдайларда көрінеді. Үйленсем бе, үйленбесем бе деп басы қатып жүрген Подколесин пысық досы Кочкаревтің арқасында күйеу болып шыға келеді, алайда соңғы сәтте өз бақытынан бас тартып, терезеден қашып кетеді. Неге?.. Н.В.Гогольдің «Үйленуі» М.Әуезов театрында алғаш рет Н.Жантөриннің режиссерлігімен 1961 жылы қойылған. Ал, жаңа қойылым - өздерінің байлыққа бас ұрған есепшілдігінен, өзімшіл таяздығынан өздері зардап шегіп жүрген, бірақ, онысын өздері сезбейтін адамдардың аянышты тағдырлары, мақтаны көп, мақсаты жоқ қоғам туралы әрі күлкілі, әрі мұңды комедия. Актерлық құрам: Агафья Тихоновна- Шаяхметова Күнсұлу. Арина Пантелеймоновна- Умарбекова М. Фекла-Аскарова Ш. Подколесин- А. Боранбай Кочкарьев- Ақмолда Д. Яичница- А. Бектемір Анучкин- Ж. Садырбаев Жевакин- Б. Қожа Дуняша- А. Ағымбай Степан- Ә. Есбатыров Қыздар: М. Қасенова Ұ. Райханова З. Каташева, Г. Досанова

Расписание (архив)

Прошедшие даты и источники